Әлеуметтік тәрбие қызметі
Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының 2016-2017 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмысы бағдарламаға сәйкес жүргізілді. 1. Жалпы университеттік шаралар бойынша: Жылдық тәрбие жұмысы институт тәрбие басқармасының басшылығымен студенттерді тамыз айының 26-нан қыркүйектің 5-не дейін жатақханаға орналастырудан басталды. Біздің 1-4 курс студенттері № 5,8 жатақханаларға орналастырылды. Оқу жылы басталысымен кафедра тәрбие жетекшілері өз топтарында студенттерді оқу орыны, жатақхана, студент тәртібі ережелерімен таныстыру жұмысы жүргізілді. Кафедраның тәрбие жетекшілері институтымыздың тәрбие басқармасы арқылы тағайындалды. Қазан айының 1-30 аралығында әлеуметтік қолдауға зәру студенттердің құжаттары алынып, тізімі жасалынып, жыл бойында әлеуметтік аз қамтылған студенттер мен қатар жартылай, толық жетім студенттерге университет тарапынан көмек көрсетіліп отырды. Қыркүйек айынан бастау алған тәрбие сағаттары мен кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып жылдың соңына дейін жалғасын тауып отырды.Қыркүйек айынан басталған іс-шаралар «Білім күніне» арналған тәрбие сағаттарынан басталды. 2.Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары бойынша : «Мемлекеттік тіл - мәңгілігімнің белгісі » атты әдеби-сазды іс-шараны аға оқытушылар Султанбекова С.С. мен Мысекева А.Б ұйымдастырды. Қазан айының бірінші онкүндігінде Оразбекова И.Г. өз тобымен «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» атты мерекелік іс-шараны ұстаздар күніне орай өткізді. ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне -25 жыл! атты іс- шараны аға оқытушылар Султанкулова Ш.У., Касымбекова А.Т. өткізді. Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесіне арналған шараны тәрбие жетекшілері Есимкулова С.С.,Мырзахметова А.Т. ұйымдастырды. 16 сәуір күні институт көлемінде наурыз мерекесі аталып өтіп, бұл мерекеге кафедраның барлық студенттері толық атсалысты. Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық мерей тойына байланысты кафедраның тәрбие жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында « Қазақ хандары Керей және Жәнібек» атты тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
3. Ұлттық тәлім -тәрбие негіздеріне баулу, халықтық педагогика ұстанымдарын насихаттау жұмысы бойынша кафедра аға оқытушылары, 1 курс тәрбие жетекшілері А.Б.Мысекеева, С.С.Сұлтанбековалар топ студенттерінің ұлттық мұражайға баруын қамтамасыз етті. 4. Адамгершілік-рухани және эстетикалық тәрбие беру бағыты бойынша кафедра аға оқытушылары, тәрбие жетекшілері Касымбекова А.Т., Мамырбаева М.С. топ студенттерімен « Имандылық және әдептану» дәрістерін жүргізді. 5. Студенттерге қазақстандық патриотизм, отаншылдық тәрбие беру бағыты бойынша : кафедра аға оқытушылары, тәрбие жетекшілері Убниязова Ш.А.,Мысекеева А.Б топ студенттерімен « Имандылық және әдептану» дәрістерін жүргізді.
Ұстаздар мерекесіне байланысты қабырға газеттері шығарылды. «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» атты мерекелік іс-шараны кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының оқытушысы Оразбекова И.Г. өткізді. Студенттер өз ұстаздарына мерекелік сый- сияпаттарын көрсетті. Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс- шара кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының тәлімгерлері мен институт ұжымы арасында мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. Осы мерекенің жалғасы ретінде биылғы университет табалдырығын аттаған жас білімгерлерді студент қатарына қабылдау рәсімі жалғасын тапты. ҚР Тәуелсіздігі күніне байланысты «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 25 жыл!» тәуелсіздік күніне арналған іс- шараларды әр тәрбие жетекшісі өз топтарында тәрбие сағаттарын өткізіп , студенттердің Отанға ,жерге, елге деген ыстық сезімдерінің одан ары маздауына түрткі болды. «Желтоқсан -тәуелсіздік бастауы!» тақырыбында тәрбие сағатын тәлімгерлер Султанкулова Ш.У.,Касымбекова А.Т..өткізді. Студенттер ән салып,өлең ,тақпақтар оқыды.Слайд шоулар қолданылды. Домбырамен күй тыңдалды.Ұлттық би билеп, ән тыңдалды.
6. Экологиялық және эстетикалық тәрбие беру бағыты бойынша: Университет тарапынан ұйымдастырылған сенбіліктерге кафедра тәрбие жетекшілері мен студенттер құрамы белсене ат салысты. Экологиялық тәрбие жұмыстары бойынша университетіміздің № 8 жатақханасына әр ай сайын тексеру жүргізіліп отырады. Кафедрамызда өткізілетін жоспарлы кезекшілік кезінде кафедраның тәрбие жетекшілері жатақхана студенттерімен әр түрлі тақырыпта дисспуттар , талқылаулар, дөңгелек столдар ұйымдастырып кезекшілік уақыттарын тиімді өткізі мақсатында жұмыстар жасайды. Сонымен қатар, кафедрамыздың тәрбие жетекшілері өз топтарымен сенбіліктерге белсене ат салысты. Ай сайын ұйымдастырылатын қалалық, университеттік іс-шараларға студенттермен бірге үзбей қатыстық. Институт көлемінде өткізілген «Ұстаздар мерекесі», «Көк тудың желбірегені», «Желтоқсан жаңғыры» мерекелеріне қатыстық. Жылдық тапсырма бойынша кафедрадағы барлық тәрбие жетекшілері өз топтарымен, оқу орны ұйымдастырған, басқа да берілген тапсырмаларды абыроймен атқарып шықты. 2016 жылдың қазан айының 16 жұлдызында бүкіл қалалық сенбілік күніне орай 1-2 курс арасында сенбілік ұйымдастырылып, Жамбыл көшесі бойында сенбілік жүргізілді. 7. Ұлтаралық келісім және толеранттылық тәрбие бағыты бойынша «Толеранттылық -ұлтаралық қарым-қатынас негізі» тәрбие сағатын кафедра оқытушылары мен тәрбие жетекшілері өз тобымен дәріс сабақтарын өткізді. 8. Дене тәрбиесі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жаппай спорт түрлерін дамыту бағыты бойынша:Кафедрамыздың 1-2 курс студенттері өткен универсиадаға өз үлестерін ерікті ретінде жаппай атсалысып, қатысушы талапкер студенттерге моральді көмек көрсетілді. 9. Құқықтық тәрбие беру. Құқық бұзушылықтың алдын алу және Қоғамдық тәртіпті нығайту бағыты бойынша: Кафедрадағы тәрбие жетекшілері өз топтарындағы жатақханада тұратын студенттердің тәртіптерін қадағалап отырды. Мереке күндері тәрбие жетекшілері университет аумағында және жатақханада тәртіптің сақталын қадағалау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды (кезекшілік кестесі тіркелген). 10.Экономикалық тәрбие беру бағыты бойынша: Институт пен қатар университетте арнайы ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне арналған іс-шараға кафедра тарапынан бекітілген аға оқытушы А.Т. Қасымбекованың жетекшілігімен мектептерде филиал ашу ісіне тәрбие жетекшілерімен қатар эдвайзерлерде ат салысты. 11. Әлеуметтік қолдау көрсету бағыты бойынша: әлеуметтік қолдауға зәру студенттерге (толық және жартылай жетімдер, көп балалы отбасылардан шыққан студенттер, мүгедектер) оқу ақысын жеңілдіктермен төлеуіне жағдай жасауға ықпал ету мақсатында құжаттар жиналып, кафедрада 11 студентке жеңілдікпен төлеуге жағдай жасалынды (тізімдері тіркелген). 12. Жас таланттарды дамыту және қолдау бағыты бойынша: кафедра ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген Литвалық профессор ағылшын тілінде өткен дәріске курс студенттері қатысты. 13. Діни сауаттылықты көтеру, студенттер арасында діни экстремизм мен ұлтаралық жанжалдарға жол бермеу шаралары бойынша тәрбие жетекшілері С.С.Султанбекова, А.Б.Мысекеева имандылық дәрістерін ұйымдастырды. 14.Университет жатақханаларында ұйымдастырылатын шаралар бағыты бойынша : жатақханаларда оқытшылар құрамы-тәрбие жетекшілері кезекшілік атқарды. Сонымен қатар тәрбие жетекшілерінің ұйымдастыруымен « Студент және болашақ» атты тәрбиелік кафедра күні өтті. Оқытушылар мен студенттердің қатысуымен концерттік кеш өтті. Желтоқсан мерекесіне орай тәрбие жетекшілері жатақханада тұратын студенттермен ұйымдастырылған тәуелсіздік тақырыбын кеңінен талқылап, олардың ойын білді. Наурыз айында жоспар бойынша «Қызға қырық үйден тыю» атты әңгіме -талқылауды тәрбие жетекшісі А.Б.Мысекеева өтті.
15. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу шаралары бойынша кафедра оқытушысы, тәрбие жетекшісі Баданбекқызы З. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты әңгіме ұйымдастырды. 16. Студенттерге психологиялық көмек көрсету бағыты бойынша сессияға студенттердің қатысуын, үлгермеуші студенттермен жұмыстарды әр топ жетекшілері қадағалап отырады. Тәрбие жетекшісі Султанкулованың ұйымдастырумен «Өзіңді әр түрлі тәуелділіктерден қалай сақтау керек?» (нашақорлық, құмар ойын және т.б.) топ студенттерімен сұхбат өткізілді. 17. Еңбек тәрбиесі бойынша университет № 5,8 жатақханаларында тексеру жүргізілді. Осы жылдың қараша айының 4-9 күндері аралығында және туберкулездің алдын алу мақсатында қазан айының 5-9күндері аралығында кафедраның 1-2 курс студенттері флюрографиялық тексерістен өтуіне байланысты барлық тәрбие жетекшелері өз топтарында студенттерін қадағалады. Тәрбие жетекшілері топтарымен сенбіліктерге белсене ат салысты. Ай сайын ұйымдастырылатын қалалық, университеттік іс-шараларға студенттермен бірге үзбей қатысты. Кафедрадағы барлық тәрбие жетекшілері өз топтарымен, басқа да берілген тапсырмалармен жақсы жұмыс істеді. Институт көлемінде өткізілген «Ұстаздар мерекесі», «Желтоқсан жаңғыры» мерекелеріне қатыстық. Жылдық есеп бойынша кафедрадағы барлық тәрбие жетекшілері өз топтарымен, басқа да берілген тапсырмалармен жақсы жұмыс істеді.
«Шет тілдері: екі шет тілі» мамандығы студенттері Республикалық, қалалық және университетте өтетін барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысып отырады. Студент жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі негізгі маңыздылық - ол жастардың қоғамдық саяси деңгейін жоғарылату және интернационализмдік рухқа, ұлтаралық татулықта тәрбиелеу, адамгершілік нормаларды меңгеруге, гуманистік көзқарасты қалыптастыруға, дінге сенушілерді қоғамдық өмірге бағыттау болып табылады. Көрсетілген бағыт бойынша: Білім күні мерекесі, «шет тілдері: екі шет тілі» мамандығы студенттерін қатарға қосу, Наурыз, Халықаралық әйелдер күні, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелері жоғары деңгейде өткізіліп тұрады.
|