қазақша · русский · english
   
Ғылыми зерттеу қызметі

Кафедраның ғылыми бағыттары:
1. Көптілді білім беруде шетел тілін үйретудегі көкейкесті бағыт, бағдарлар.
2. Жоғарғы мектептерде мәдениаралық шетел тілі коммуникациясының, тіл үйретудегі тәлім-тәрбие модернизациясының қазіргі педагогикалық технологиялары.
Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысының жүзеге асуы жекеше шешімдерге байланысты:
1) Тіл үйренетін мамандықтардың студенттеріне ғылыми және әдістемелік лингвистикалық әдебиеттің ағылшын тілін үйретудің түрлі аспекттеріне;
2) Зерттеудің таңдау бағыттары мақала және ғылыми баяндамалар жазуға;
3) Кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарының мәжілістерінде ағылшын тілін оқытудағы өзгешеліктерді студенттермен бірге сараптау;
Ғылыми жобалар және зерттеулер:
Филология ғылымдарының докторы, профессор Аяпова Т.Т, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Букабаева Б.Е. , филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.Кемелбекова З.А.,аға оқытушы Әліпова Ә.Т., шетелдік серіктестік-жоғары оқу орындарының профессорларымен PhD профессор Вехби Айтекин Саналан, Эрзинджан университеті педагогика факультетінің профессоры (Түркия), PhD профессор Мехмет Бекдемир Эрзинджан университеті педагогика факультетінің профессоры (Түркия), PhD профессор Линн Парментер Назарбаев университеті Жоғары білім мектебі деканының орынбасары, PhD профессор Либби Тудбалл Монаш университеті педагогика факультетінің профессоры (Австралия) PhD профессор Иен Девис Йорк университеті білім Департаментінің профессоры (Ұлыбритания) авторлық бірлестікте «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру бағдарламасы» (2012ж.) аясында 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша Халықаралық, мемлекеттік білім бағдарламасын жасады. Білім бағдарламасының жаңашылдығы, бағдарлама алғаш рет модульді білім беру технологиясы бойынша еурпалық білім беру стандарты сәйкес жасалынып отыр. 2015-2016 оқу жылынан бастап 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы Абай атындағы ҚазҰПУ 1 курс студенттері осы білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатыр.
Ғылыми зерттеулер бойынша студенттерге ақпарат
Жоғарғы оқу орындарында және ғылыми зерттеу жұмыстарында Болон жүйесі бойынша маман даярлаудағы сапа мәселесінде жоғарғы мектепте студенттің ғылыми және аудиториядан тыс оқу жұмысын күшейту керек. Кафедра бойынша 3-4 курс студенттері тіл тарихы бойынша «Modern English in the 21stcentury», әдістеме бойынша «Inovation technologies in Teaching Foreign Languages»және «Artofwords» ғылыми үйірмелеріне қатысады. Баяндамалар дайындауда студенттер ағылшын тіліндегі қазіргі заманауи әдебиеттерін пайдаланады. Студенттердің баяндамалары өздері дайындаған слайд, таблица арқылы толықтырылады. Студенттердің дүниетанымын кеңейту мақсатында, студенттік ғылыми үйірмелердің мәжілістерінде ғылыми фильмдер көрсетіледі. Ғылыми үйірме мәжілістеріне тек үйірме мүшелері ғана емес, басқа да студенттер қатыса алады,өйткені қаралатын проблемалар қызықты, әрі өзекті.
Жоғары мектептегі оқу үдерісіндегі студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ маманның кәсіби білім деңгейін көтереді, ғылыми біліммен қаруландырады, шығармашылықәрекетке баулиды, білім сапасын арттырады. Ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып, СҒЗЖ-ны жоғары білім беру жүйесінде маман даярлаудың құрамдас бөлігі ретінде көздейтін басты мақсаты: студентке ғылыми курсты терең меңгерту, шығармашылық-кәсіби қабілетін дамыту; курс, дипломдық жұмыс жобаларын орындау сапасын көтеру; ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; ғылыми білімін кеңейту; талқылауға қатысып, сөйлеу тілін дамыту; теория мен практика арасын байланыстыру; болашақ кәсібіне сүйіспеншілігін арттыру; өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; ақпараттық білімін кеңейту. Студенттің білім алуда белсенділік көрсетуі оқытушының оқу үдерісін ұйымдастырудың компоненттерін бір-бірімен үйлестіре отырып, шебер ұйымдастыра білуінде.