| Шетелдік университеттермен серіктестік,   сонымен қоса қазіргі және әлеуетті серіктес университеттерден келушілерді қабылдау: Академиялық ұтқырлық бойынша халықаралық серіктестерді іздеуде университеттің институттары мен бөлімдеріне көмек көрсету; Факультеттер мен басқа да кафедраларды халықаралық гранттық жобалар саласындағы мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; Академиялық ұтқырлық және тағылымдамадан өту мәселелері бойынша халықаралық университеттермен келіссөздер жүргізу; ЖОО-мен құжаттардың бекітілуін, қол қойылуын және серіктес деректер базасын жаңартуды бақылау; Абай атындағы ҚазҰПУ университетінде қазіргі және әлеуетті серіктес университеттердің халықаралық делегацияларын қабылдау; Есеп беру: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне және басқа да мемлекеттік органдарға академиялық ұтқырлық, шетел университеттерімен халықаралық серіктестік, халықаралық бағдарламалар, шетелдік студенттер,  халықаралық департамент өткізетін іс-шаралар туралы есептер және сұраныс бойынша кез келген басқа ақпараттар жасау. Университет веб-сайтының «халықаралық қатынастар» бетінде деректер базасын жаңарту. Есеп беру мерзімдерін сақтау. Медиа ресурстарымен жұмысты жүргізу. Басқа міндеттері: университеттегі түрлі мәдени және әлеуметтік   іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында елшіліктермен/консулдықтармен байланыста   болу, Халықаралық ынтымақтастық департаменінің іс-қағаздарын   жүргізу, құжаттау және тиісті тәртіпте мұрағаттау. Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлерінің   бірі болмаған жағдайда департаменттің үздіксіз   жұмысын қолдау және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің клиенттерімен   байланыста болу (студенттер, ата-аналар, сыртқы ұйымдар, БҒМ және т. Б.) Халықаралық   ынтымақтастық департаментінің мүлкі мен   бюджетіне жауапкершілікте болу. Университет ережелері мен міндеттерін сақтау, тікелей басшының тапсырмасы   бойынша өзге де міндеттерді орындау. |