қазақша · русский · english
   
Оқу -әдістемелік қызмет

Жалпы мәліметтер

Барлық пәндер бойынша «050110-Физика», «050120-Кәсіптік оқыту», «050603-Механика» мамандықтары бойынша оқу жоспарлары, силлабустар, ӨӘК электрондық нұсқалары жасалынған. Барлық пәндер бойынша сабақтар жұмыс жоспарына және физика-математика факультетінің оқу жоспарларына сәйкес өткізілді.

 Кафедраның барлық пәндері бойынша оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау өткізілді. Оқу жылында келесі оқу әдістемелік құралдар жарық көрді:   «Оптика негіздері» (Уалиев Г., Альсеитов Г., Жаменкеев Е.К.), «Физикалық олимпиадалардағы тапсырмаларды іріктеу және шығару әдістемесі»( Абдуллина Н.Д., Ергалиева Г.М., Джумадиллаев К.Н., Жақыпова Ж.О.,  Жақыпова Н.Б., Қырықбаева Ә.А.),  «Эксперименттік есептерді шығарудың теориясы мен әдістемесі», «Физика пәнінен тест тапсырмалары және шығару жолдары» (Алимбекова Г.Б.). С

Бакалавриат

Кафедра төмендегі 3 мамандық бойынша кадрлар дайындайды:

-         050110 - "Физика` квалификациясы - физика пәнінің оқытушысы;

-         050120 - "Кәсіптік оқыту" квалификациясы - техникалық өндіріс және ақпараттық технология;

-         050603 - "Механика" квалификациясы - механика, жалпы техникалық пәндер оқытушысы.

Кафедра үздік студенті

2011-2012 оқу жылында «Кәсіптік оқыту» мамандығының 4 студенттері Ф.Турсынова, Г.Избасарова, У.Барманбекова, А.Адильбековалар Әуезов атындағы ОҚМУ-де 2013 жылдың  28-29 наурыз аралығында өткен IV Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды. 

2012-2013 оқу жылында  «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері 1 курс М.Дүйсенбаев, 2 курс  З.Алтынбекова, А.Сатылған, 3 курса Г.Избасаровалар  Әуезов атындағы ОҚМУ-де 2013 жылдың  28-29 наурыз аралығында өткен V Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысып 3 орынды иелендік. Бізге диплом және ректор С.Пралиевтің атына алғыс хат берілді.