қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.02.2022

«Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы спикерлерінің мастер-классы өтеді


2022 жылғы 24 ақпанда «Біздің біліміміз - біздің елімізге» жобасы аясында Алматы қаласы бойынша «Болашақ» қауымдастығының өкілдері Латина Сатарова мен Айгүл Сұлтанбекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларына мастер-класс өткізеді.

 

Кездесу тақырыптары:

1. Жобалар тез әрі қоршаған ортаға зиянсыз жүргізілуі үшін командада қалай араласуға болады?

2. Әлеуметтік мамандықтардағы маңыздылық пен жауапкершілік.

 

Кездесу барысында осы тақырыптар бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға және оларға кәсіби мамандардан жауап алуға мүмкіндік болады.

 

Мастер-класс онлайн форматта, Google Meet платформасында өтеді.

 

Өтетін уақыты: 24 ақпан 2022 жыл, сағат 11: 00.

 

Өткізу орны: Google Meet платформасы (https://meet.google.com/rkt-fjuu-tyr)

 

Жіберіп алмаңыз! Біз сіздерді күтеміз.