қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.05.2018

Университетте тактикалық-арнайы оқыту жүргізілді

 

2018 жыл 16 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Оқу ғимаратында өрт болған жағдайда басшылықтың, командалық штабтың, азаматтық қорғаныс құрамдарының әрекеттері» тақырыбында тактикалық-арнайы оқыту жүргізілді. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департамент директоры Қалижан Арзықұлов оқытуға басшылық жасады.

 

Жеке құрамның біліктілігін арттыру, университеттің өрт сөндіру жабдықтарының жай-күйін және дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылған арнайы жаттығуларға азаматтық қорғаныс құрамы тартылды: өрт сөндіру командалары, құтқару, байланыс және ескерту жасағы. Қатысушылар оқу ғимаратында өрттің пайда болуы туралы хабардар болды. Арнайы өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру көлігі, қолғаптары арқылы «өрт ошағын» сөндіру жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар университет дәрісханаларындағы студенттерді қауіпсіз орынға эвакуациялау жаттығу жұмыстары жүргізілді.

 

Өрт сөндіру жұмыстары бойынша инженер Ақылбай Исмаиловтың командасы ең үздік нәтиже көрсетті.

 

         

 

         

 

         

 

Азаматтық қорғаныс штабы