қазақша · русский · english
   
Ғылыми- зерттеу қызметі

Жалпы мәліметтер

Информатика  және қолданбалы математика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Испания, Чехия, Россия, Литва, Жапония елдерінің ғалымдарымен математика  және информатика салалары бойынша  ғылыми зерттеу және білім беру бағытында тығыз байланыс жасайды. Сонымен қатар кафедра студенттерімен ғылыми зерттеу жұмыстарын әр түрлі үйірмелерде, ғылыми жобаларда бірге атқарады. Кафедра студенттері ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен Қазақстан және жақын шетелдерде өтетін ғылыми конференцияларда баяндама жасап, пәндік олимпиадаларға да қатысады.

Ғылыми жобалар және зерттеулер

Зерттеудің негізгі бағыттары:

  • Білім беруді ақпараттандыру;
  • Білім беру мен ғылымдағы ақпараттық-коммуникауциялық технологиялар
  • Информатиканы оқыту әдістемесі мен мектеп пен жоо-ғы АКТ
  • Қолданбалы математика және информатика

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары тақырыптарымен келісілген ережелер бойынша түлектік жобалар тақырыптары

Студенттер үшін ғылыми зерттеу бойынша мәліметтер

Информатика және қолданбалы математика кафедрасының оқытушылар мен студенттері ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді араласады. Проекті бойынша ғылыми жұмыстарды орындауға студенттер ынталандырылады. Кафедра студенттері студенттік, республикалық және халықаралық конференцияларға, студенттердің әр түрлі ғылыми-зерттеу конкурстарына белсенді араласады.