қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.05.2018

 

 

Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер!


Құрметті студенттер, магистранттар мен докторанттар!

 

Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бұл еліміздің басты байлығы  - бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылатын қазақстандықтардың бірлігі мен достығының ортақ мерекесі.  Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

 

Осынау айтулы күні баршаңыздың шаңырақтарыңызға бірлік пен береке, дендеріңізге саулық, шығармашылық бастамаларыңыз бен ізденістеріңізге толағай табыстар тілеймін!

 

Еліміздің  іргесі берік, бірлігі бекем болғай!

Ізгі тілекпен,

ректор Такир Балықбаев