қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.12.2025

 

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ – УНИВЕРСИТЕТ

ТӘЖІРИБЕСІНІҢ БІР БӨЛІГІ

 

Абай университетінде тәуекелдерді басқару күнделікті университеттік тәжірибенің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Тәуекел-менеджмент формалды есептілік шеңберінен шығып, басқарушылық шешімдерді салмақты қабылдауға және университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге көмектесетін тиімді құрал ретінде қарастырылуда. Қасиетті қарашаңырақта осы тақырыпқа арналған «Университеттегі тәуекелдерді басқару» атты оқу-тәжірибелік семинар болып өтті.


Семинар Стратегия департаментінің бастамасымен ұйымдастырылып, университет құрылымының барлық деңгейінде тәуекелдерді басқарудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды. Оған басқарушылық шешімдер қабылдайтын және олардың салдарына жауапты академиялық және әкімшілік-басқару персоналы, атап айтқанда, құрылымдық бөлімшелердің, факультеттер мен кафедралардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.


Семинар бағдарламасы тәжірибеге бағытталған форматта құрылды. Талқылау тәуекелдердің университеттің стратегиялық мақсаттарымен байланысы, белгісіздік факторларын уақтылы анықтау және тәуекел-талдауды басқарушылық шешімдердің негізі ретінде пайдалану мәселелері аясында жүзеге асты. Тәуекелді қауіп ретінде емес, саналы әрі уақтылы әрекетке шақыратын бағдар ретінде түсінуге ерекше назар аударылды.


Іс-шара практикалық жұмыстарды да қамтыды. Топтық тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар ВИСИ (MECE) қағидатын қолдану арқылы тәуекелдерді анықтау және құрылымдау дағдыларын қалыптастырды. Аталған қағидатты пайдалану тәуекел факторларын қайталаусыз және олқылықтарға жол бермей жүйелеуге мүмкіндік берді. Нақты мақсаттар мен көрсеткіштерге негізделген жұмыс тәуекелдерді басқару мәселелерін қолданбалы басқарушылық шешімдер деңгейінде қарастыруды қамтамасыз етті.


Оқу-тәжірибелік семинар университеттің басқару жүйесінде тәуекелдерді басқару тетіктерін жетілдірудің өзектілігін көрсетті. Сондай-ақ, тәуекелдерді басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға, университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.


 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=