қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.12.2025

 

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Бүгін бір топ Абай университетінің оқытушы-профессорлар құрамына кәсіподақ ұйымының мекемелік марапаттары табыс етілді. Жыл қортындысы бойынша салалық кәсіподақ жұмысына елеулі еңбек сіңірген қызметкерлер төсбелгілер мен алғыс хаттарға ие болды.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кәсіподақ ұйымы – тарихы терең мекеме. Әрдайым мемлекеттік және ұлттық мейрамдарда өз мүшелеріне сый-сияпаттар табыстап, қолдау көрсетіп отырады. Осы орайда бүгін кәсіподақ қызметіне еңбек сіңірген біраз қызметкерін мерекемен құттықтап, оларға мекемелік марапат тапсырды.

Салтанатты жиынды ашқан Кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимов белсенді оқытушы-профессорларға өз алғысын білдіріп, ізгі лебізін арнады. Одан кейін сөз алған Әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі проректор Мақсат Жақау ұжымға шығармашылық табыс тілеп, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, кәсіподақ жұмысының дамуына үлес қосқан азаматтарға төсбелгілер мен алғыс хаттар табыстады. Марапат иелерінің тізімін төменде жариялап отырмыз.

«Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен

Иркитбаев Сакен Нуркайдарович Жаратылыстану және география факультеті,  география  және экология кафедрасының аға оқытушысы;

Камзабекова Шолпан Багаевна – Математика, физика және информатика факультетінің аға оқытушысы;

Жаманкараев Советкажы Кусайнович – Өнер факультеті, Көркем білім кафедрасының профессоры;

Канапьянова Раушан Хабдулмуталяповна – Өнер факультеті, Дизайн кафедрасы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен

Унербаева Зульфия Оралбайқызы – Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, университет профессоры;

Кауынбаева ЭльмираЖаратылыстану және география факультеті, Биология кафедрасы, Биология магистры, аға оқытушысы;

Аманбекова Динара Мэлсовна – Жаратылыстану және география факультеті, Биология кафедрасы, Биология магистры, аға оқытушысы;  

Кансейтова Элеонора Жумабековна – Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы;

«Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен

Халикова Кулира ЗаманбековнаМатематика, физика және информатика факультетінің  п.ғ.к., профессор.

Абдреимова Кульмесхан АуелхановнаПедагогика және психология факультеті,  Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты;

Сатова Акмарал Кулмагамбетовна – Педагогика және психология факультеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, Психология ғылымдарының докторы, профессор;

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық  кәсіптік одағының Алғыс хатымен

Жадраева Лариса Уштановна – қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының докторы;

Кутелова  Жаксылык  Абдрешовна – Математика, физика және информатика факультеті, аға лаборанты;

Даурамбекова Асия Абеновна – Педагогика және психология факультеті, «Арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы;

Кдырбаева Азатгуль Ахметовна – профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты;

Меғдіғалиева Шолпан Әбдіқызы – Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің аға оқытушысы;

Болатқызы Шынар – Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті, «Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы;

Какимова Лаура Шариповна – Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор м.а.

Аденова Ляззат Жолдаспаевна – аға оқытушы, өнер магистрі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Этнодизайн одағының мүшесі;

Тойбаев Багат Шаймерденович – «Ұлағат» баспасының суретші-дизайнері;

Жаменкеев Ерболат Кенжаканович – Физика кафедрасы, Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы;

Тойбаев Багдат Шаймерденович – «Ұлағат» баспасының суретші-дизайнері;

Таширов Сағыныш Дарубайулы – «Ұлағат» баспасының инженер-кесуші;

Жұмағалиев Дәулетхан Нурсапиевич «Ұлағат» баспасының инженер-бүктеушісі;

Смагулова Жания Капановна – «Ұлағат» баспасының редакторы МАРАПАТТАЛДЫ.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=