қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.11.2025

 

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ОРТА МЕКТЕП ПЕДАГОГТАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

 

Бүгін Абай университетінде Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова Алматы облысы Талғар ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 жалпы білім беретін орта мектебінің директорын қабылдады. Онда кадрлардың сапасын арттыру бағытында әңгіме өрбіді.

 

Абай университетінің басты миссиясының бірі – еліміздің орта мектептеріне үздік педагог, заманауи кадр, білікті ұстаз даярлау. Өйткені Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы педагогикалық университеттердің ішіндегі көшбасшы қара шаңырақ – Тұлға сомдап шығарумен қатар, тұлға тәрбиелейтін Ұстаз қалыптастыратын киелі орда. Сондықтан, Абай университетінің басшылығы әрдайым орта мектеп мұғалімдеріне білім беру саласынедағы жаңашылдықтарды түсіндіріп, семинар-тренингтер өткізіп, бағыт-бағдар беріп отыруды мәндеті санайды.

 

Бүгінгі кездесудің де орайы осындай ниеттен туған, мақсаты – университет пен мектеп арасындағы кәсіби байланысты нығайту, педагог кадрлардың кәсіби дамуына қолдау көрсету және білім беру сапасын арттыруға бағытталған ортақ бастамаларды жүйелі түрде іске асыру. Кездесу соңында университет пен орта мектеп арасында өзара бірлесе жұмыс істеу үшін меморандумға қол қойылды.

 

Меморандум университет үшін де маңызды, себебі білім алушылардың мектепте кәсіби іс-тәжірибеден өтуіне жағдай жасау, практика барысында өзін жақсы көрсеткен білім алушылардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету, білім беру ұйымы мамандарының біліктілігін арттыру секілді тағы басқа да ортақ бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Құжат аясында білім беру саласындағы ортақ бағыттар талқыланып, болашақта жүзеге асырылатын бірлескен іс-шаралар жоспары қарастырылды. Атап айтқанда, семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізу, мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, ғылыми-тәжірибелік бағытта серіктестік орнату жоспарланып отыр.

 

Болашақта университет пен аталған мектеп арасындағы кәсіби байланыстар нығайып, біліктілікті арттыруға бағытталған өзге де бастамалар жүзеге аспақ.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі

 

  alt=  

  alt=