
Негізгі бет
Жаңалықтар
05.11.2025 АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
ҚР Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сүйенсек биыл 14 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Бұл деректі өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға көп. Сонымен қатар, шетелде жаңа кибершабуыл салдарынан 25 оқу орнындағы 6 мыңнан астам мұғалім зардап шеккен. Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі алаяқтардан абай болуға шақырады. Кибершабуылдың жаңа түрінде алаяқтар интернет арқылы төлем деректеріне қол жеткізіп, оларды өздерінің банк шоттарына аудару арқылы қаражаттарды ұрлаған. Алаяқтықтың бұл түрі басқа елдерге де бейімделуі мүмкін. Сондықтан, ҚР Бас прократурасы кибершабуылдан сақтану үшін мынадай кеңестер ұсынады: – күмәнді сілтемелерге өтпеуді және күмәнді электрондық хаттардың тіркемелерін ашпауды; – күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны пайдалануды ұсынады. Айта кетейік, Абай университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамына банк секторының мамандарының қатысуымен «Цифрлық кеңістіктегі қаржылық қауіпсіздік» атты семинар өтті. Семинарда онлайн алаяқтық, киберқылмыс және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға цифрлық құралдарды тиімді және қауіпсіз пайдалану бойынша практикалық кеңестер берілді. Сондай-ақ, қаржылық операциялар жүргізу кезінде сақ болудың маңыздылығы ерекше аталып өтті. Сонымен қатар, кеше ғана Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты жасалған меморандум – білім беру мен қаржы секторы арасындағы байланыстарды нығайтуда, студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруда бірлесе қимылдау тетіктерін қарастырады. Құжат аясында тараптар бірлескен оқу семинарлары мен тренингтер ұйымдастыруды, қаржы нарығының өзекті мәселелеріне арналған конференциялар өткізуді жоспарлап отыр. Дүниежүзінде алаяқтықтың дәуірлеп тұрған шағында киберқауіпсіздік шараларын сақтау, жеке деректерді бөліспеу және қаржылық сауаттылықты арттыру аса маңызды. Сондықтан, барша жұртшылықты алаяқтардан абай болуға шақырамыз! Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі
|