![]()
01.10.2025 БҮГІН – ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ Абай университетінде бүгін 1 қазан - Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлерінің күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Жиын барысында университеттің бір топ қызметкері министрлік және мекемелік марапаттарға ие болды.
Былтырдан бастап аталып өте бастаған Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлерінің күні мерекесі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылғанымен тікелей байланысты. Сондықтан, бұл айтулы күннің қасиетті қарашаңырақта салтанатты жағдайда өтуінің өз мәнісі бар. Жиынды ашқан университеттің Академиялық қызмет жөніндегі прорректоры Бану Нарбекова «Бүгінгі күннің ерекше маңызы және тарихы бар. 1928 жылы бірінші қазанда университетіміздің құрылған күні. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынысымен былтырдан бастап осы күн жоғары білім қызметкерлерінің мерекесі аталып өтуде. Біздің университетте 1000-ға жуық оқытушы-профессор қызмет етіп жатыр. Оның ішінде 220-дан астамы ғылым докторы, PhD докторы, 220-дан астамы ғылым кандидаты» деп, жұртшылықты кәсіби мерекемен құттықтады. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Мерекелік шара бағдарламасында «Алаш» инструменталдық оркестрі «Мен Қазақпын» күйін орындаса, Өнер факультетінің талантты студенттері Али Тайманұлы мен Өмен Жақсыбек «Ұстаздар» әнін шырқады. Сонымен қатар, эстрада жұлдызы Динара Қырықбаева бүгінгі мерекеге арнап «Ұстазым» әнін көрермен назарына ұсынды. Осылайша, жоғары білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесі өз дәстүрімен жалғасып, еліміздің білім мен ғылым саласының дамуына сіңірген ерен еңбегі жоғары дәрежеде бағаланды. Төменде ҚР Жоғары білім қызметкерлері күні мерекесінде марапатталған қызметкерлердің толық тізімін беріп отырмыз:
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысымен Ширинбаева Гулбахира Койбагаровна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) м.а.;
Жанбаева Жанат Абдыкадыровна - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің эксперті;
Тұтқабаева Жұлдыз Алмасқызы - Кадр саясаты басқармасының бас маманы; Жетигенов Нурбол Ержанұлы - Маркетинг басқармасының Medialab бөлімінің дизайнері;
Куанышбекова Акбота Ерболовна - Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;
Пірәлі Райымбек Полатұлы - Жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысымен және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Құрмет грамотасымен Секерова Толганай Маратовна - философия докторы (PhD), Биология кафедрасының аға оқытушысы. Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен Танатова Асель Джангазыевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика кафедрасының аға оқытушысы; Таттибаева Эльвира Мусабековна - Стратегия департаментінің директоры; Беккожанов Талгат Кусаинович - Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры; Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы - Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті директорының орынбасары; Сергазинова Айнагуль Серикбаевна - Пайдалану бөлімінің басшысы. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломымен Ешимбетова Забира Бердибековна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен Ибрагимов Аман Илесович - педагогика ғылымдарының кандидаты, Көркем білім беру кафедрасының университеттің қауымдастырылған профессоры (доцент). «Тіл жанашыры» құрмет дипломымен Акжолова Актоты Тулеумуратовна - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Педагогика және психология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Абенов Даулет Кусайнович - тарих ғылымдарының кандидаты, Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы. «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен Уайсова Гулнар Инаматовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Бастауыш білім беру кафедрасының университет профессоры. «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Балтабаева Жаналик Клышевна - педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Жумабекова Айгуль Казкеновна - филология ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс филология және аударма кафедрасының профессоры Алимбекова Анар Аймолдановна - философия докторы (PhD), Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үздік ұстаз» төсбелгісімен Балагазова Светлана Тулеутаевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Музыкалық білім және хореография кафедрасының қауымдастырылған профкссор (доцент) м.а.; Камзабекова Шолпан Багаевна- Физика кафедрасының аға оқытушысы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Алғыс хатымен Кощегулова Зарина Сакеновна - Іс жүргізу және мұрағат ісі қызметінің жетекші маманы МАРАПАТТАЛДЫ.
Абай атындағы ҚазҰПУ
|