қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.09.2025

ДОКТОРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН SCIVAL ЖӘНЕ SCOPUS БОЙЫНША АПТАЛЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым департаменті докторанттар үшін SciVal және Scopus ғылыми платформаларымен жұмыс істеуге арналған апталық тренинг-вебинарды сәтті ұйымдастырды.

 

Іс-шара барысында қатысушылар шетелдік авторларды іздеудің тиімді әдістерімен танысып, олардың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттарын талдады. Сонымен қатар, дерекқорлармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері мен аналитикалық құралдары қарастырылды.

 

Тренинг докторанттардың халықаралық ғылыми дерекқорларды тиімді пайдалануға, ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге және зерттеулерінің сапасын арттыруға бағытталған практикалық дағдыларын дамытуға септігін тигізді.

 

 

 

  alt=    alt=