қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.09.2025

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР БОЛДЫ


2024 жылғы қыркүйектің 21-25 аралығында Түркияның Амасья қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Бұл жарысқа Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Исахан Аяна қатысты.

 

Исахан Аяна жарыстың екі форматында сынға түсіп, келесі нәтижелерге қол жеткізді:

 

«Рапид» бойынша 2-орынға шығып, күміс жүлде иеленді;

 

«Блиц» форматында 3-орын алып, қола медальмен марапатталды.

 

Студентіміздің бұл жетістігі еліміздің тоғызқұмалақ спортындағы халықаралық деңгейдегі беделін арттыра түсті.

 

Жақында Алматы қаласында өтетін Азия чемпионатында оған сәттілік тілейміз!

 

 

  alt=