қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.09.2025

ҚазҰПУ-да МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАНСАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


2025 жылдың 24 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жұмыс берушілер айлығы - 2025» аясында Мемлекеттік істер агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдерімен кездесу өтті.

 

Іс-шараны Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментіне қарасты «Мансап» орталығының жетекшісі Рақымберді Жетібай ашып, кездесудің маңыздылығына тоқталды.

 

Кездесу барысында Мемлекеттік істер агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Анар Есмаганбетова сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметке орналасуды жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды. Ол, сонымен қатар, жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс негізінде орташа 3,3 GPA көрсеткішімен аяқтаған үздік түлектер қалалық мемлекеттік лауазымдарға конкурстан тыс қабылданатынын атап өтті.

 

Бұдан бөлек, қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып, студенттердің сауалдарына жауап берді және оларды мемлекеттік қызметке орналасуға шақырды.

Кездесуге Мемлекеттік істер агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері, «Мансап» орталығының мамандары және 4-курс бакалавриат студенттері қатысты.

 

 

  alt=