![]()
23.09.2025 «БАБАЛАР ІЗІМЕН ҚИЯЛ ӘЛЕМІНЕ» ЕРТЕГІЛЕР КОНКУРСНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 2025 жылғы 23 қыркүйекте Халықаралық тәрбиешілер күніне орай «Бабалар ізімен қиял әлеміне» атты ертегілер конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты - студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, креативтілігін және заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Конкурсқа 2-4 курс студенттері қатысып, жасанды интеллект көмегімен құрастырылған ертегілерін көпшілікке ұсынды. Конкурсының ұйымдастырушысы-Ph D қаум.профессор міндетін атқарушы Абилбакиева Ғалия Тұрысбекқызы Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара шығармашылық орта қалыптастыру мақсатында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
|