қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.09.2025

 «Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы басты мәселелердің бірі»


2025 жылғы 18 қыркүйекте «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Адал Ұрпақ» жобасы шеңберінде университетімізде семинар өткізді.

 

Семинардың тақырыбы - «Сыбайлас жемқорлық - қоғамдағы басты мәселелердің бірі» болды. Кездесудің негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жолдарын талқылау және Алматы қаласының жас мамандары арасында жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.

 

Шара барысында сөз сөйлегендер:

 

· Мадиев Курмангазы Капашевич - «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі, мемлекеттік қызмет ардагері;

 

· Камалов Бахтияр Камалович - Қазақстандық франчайзинг ассоциациясының президенті, Еуразиялық ассоциацияның президенті;

· Адильбаев Алмат Жанабаевич - Қоғамдық кеңес сарапшысы, мониторинг тобының мүшесі және актер.

 

Осы шараға университетіміздің 100 студенті қатысты. Студенттер жемқорлықтың қоғамға және экономикаға тигізетін теріс әсерлері туралы маңызды ақпарат алып, сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және жетілдіру мәселелері жан-жақты қарастырылды.

 

«Адал Ұрпақ» жобасының басты мақсаты - Алматы қаласы жастары арасында сыбайлас жемқорлық көлемін азайтуға ықпал ету және жемқорлықтың елдің экономикасына кері әсерін төмендету болып табылады.

 

Бұл семинар жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға үлкен үлес қосып, қоғамдағы әділеттілік пен ашықтықты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=