![]()
16.09.2025 АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2025 жылдың 16 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен, Медеу аудандық полиция басқармасымен бірлесіп Филология факультетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Шараға Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нагашбеков А.М. қатысып, жастарға құқықтық мәдениетті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңінен түсіндірме жасады.
|