қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.09.2025

ABAY UNIVERSITY ОҚЫТУШЫСЫН ҒЫЛЫМИ АТАҚПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі №1534 бұйрығымен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Сабирова Дина Алтайқызыға 60200 - Тіл және әдебиет ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

 

Дина Алтайқызы көптеген мемлекеттік ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады, қазіргі уақытта Қазақстан әдебиеті саласындағы зерттеулерді табысты жүзеге асырып жүр, сондай-ақ беделді халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері.

Кафедра ұжымы Дина Алтайқызы осы жоғары ғылыми атақпен шын жүректен құттықтап, жаңа ғылыми жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейді!