қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.07.2025

Абай университетінің профессоры ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының жеңімпазы

 

Абай университетінің профессоры 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанды. 

 

Педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Фаузия Оразбаева «Елдің зияткерлік әлеуеті» ғылыми бағыты бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын жеңіп алды.


Абай университетінің ұжымы Фаузия Оразбаеваны кезекті жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалықтар мен кәсіби жетістіктерге толы, жоғары деңгейде жүзеге асырылуына тілектестік білдіреді.

 

  alt=