қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.07.2025

ҚазҰПУ-да «Шоудаун» Республикалық IV ашық турнирі аяқталды


2025 жылғы 21 мен 23 шілде аралағында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен «Шоудаун» Республикалық IV ашық турнирі өтті.


Турнирге еліміздің әр өңірінен келген командалар қатысып, ерекше тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде:


І орын - Шымкент қаласының командасы;
ІІ орын - Қостанай қаласының командасы;
ІІІ орын - Алматы қаласының командасы иеленді.


Жеңімпаздарға марапаттарды Абай атындағы ҚазҰПУ әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау, Шоудаун Қазақстан Федерациясының президенті Марат Қожахметов, сондай-ақ Алматы қаласы Медеу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдар Еркінұлы табыстады.


Аталған турнир инклюзивті спорт түрлерін дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және ерекше қажеттіліктері бар жандардың қоғамға белсене араласуына жағдай жасау мақсатында өткізілді.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=