қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.07.2025

ҚазҰПУ-ға Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова келді


2025 жылғы 12 шілдеде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында депутат университеттің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, комиссия мүшелерімен кездесті.


Кездесуге университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Найманбаев және қабылдау комиссиясының қызметкерлері қатысты.


Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Лотарингия филиалының қызметімен, атап айтқанда, талапкерлерді қабылдау барысымен, аталған филиалға деген сұраныс деңгейімен және факультеттер бойынша қабылдау үдерісімен танысты. Сонымен қатар, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі және оны шешу мақсатында құрылған «Ахуалды орталықтың» жұмысы да назардан тыс қалмады.


Екатерина Смолякова өз сөзінде бүгінгі күннің басты міндеті - ел мектептері үшін сапалы мұғалімдерді дайындау екенін айтты.


«Білікті мамандардың көп болуы - ел болашағының жарқын кепілі. Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы Абай атындағы ҚазҰПУ осындай кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға белсенді қатысады деп сенеміз», - деді депутат.


Сонымен қатар, ол оқу орындарына қабылдау науқанында академиялық адалдықты қамтамасыз ету, инклюзивті білім беру талаптарын сақтау, ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге жағдай жасау, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, цифрлық қабылдау жүйелерін жетілдіру сияқты мәселелерге де ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ қабылдау комиссиясының жұмысын жоғары бағалап, оның өз міндетін толықтай орындайтынына сенім білдірді.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=