«Түстермен тынығу» тақырыбында топтық арт-терапия өтті
2025 жылдың 19 мамырында Психологиялық қолдау қызметінің психологтары «Түстермен тынығу» тақырыбында топтық арт-терапия өтті. Психологиялық арт-терапияның мақсаты - студенттердің емтихан алдындағы эмоционалдық күйзелудің алдын алу, ішкі ресурстарын белсендіру және өзін-өзі реттеу қабілетін арттыру.
Студенттердің бір-бірімен танысуы және топ ішінде тығыз қарым-қатынас орнатуы мақсатында тренинг «Суреттегі менің атым» жаттығуынан басталды. Негізгі бөлімде студенттердің ішкі рефлексия жүргізуіне, болашаққа сенімді көзқарас қалыптастыруына, эмоционалдық тұрақтылығын арттыруына және жеке ресурстарын тануына бағытталған «Менің табысты бейнем» және «Өзіме болашаққа хат» жаттығулары өткізілді. Эмоционалдық кернеуді және бұлшықеттегі қысымды азайту мақсатында «Мұздық» және «Тыныс алу» жаттығулары жүргізілді.
Студенттер тернингтен алған әсерлерін, өздеріне және топқа шынайы әрі жағымды тілектері мен кері байланыстарын «Тілек шеңбері» жаттығуы арқылы білдірді. Тренингке Foundation факультетінің 30-дан астам шетелдік студенттері қатысты.


Психологиялық қолдау қызметі