Абай университетінің студенті грек-рим күресінен ҚР чемпионатынан жүлделі оралды
2025 жылдың 10 мамыры мен 12 мамыры аралығында Алматы қаласында Грек-рим күресінен есту органдары зақымданған U-23 спортшылар арасында ҚР чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Абай атындағы ҚазҰПУ Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Лутпулам Абдукасимов 55 кг салмақ дәрежесінде қатысып, ІІ-орынға ие болды.