қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.05.2025

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту: Ферғана мемлекеттік университетімен келісімге қол қойылды


Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультетінде Ферғана мемлекеттік университетінің (Өзбекстан Республикасы) өкілдерімен кездесу өтті.


Сапар барысында екі университеттің Филология факультеттері арасында академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.


Рәсімге Ферғана мемлекеттік университетінің тарапынан: У.Х.Акбаров, ф. ғ. к., доцент; Н.М.Каримова, PhD докторы; И.Н.Доронина, аға оқытушы; З.Ш.Нуритдинов қатысты.


Қонақтар Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультетінің деканы Алуа Танжариковамен, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сауле Абишевамен және кафедра оқытушыларымен кездесті.


Сапар аясында доцент У. Х. Акбаров «Шетел әдебиеті» пәні бойынша 2 курс студенттеріне дәріс оқыды.


Бұл сапар жоғары оқу орындары арасындағы диалог пен бірлескен білім беру бастамаларын дамытудағы маңызды қадам болды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=