![]()
21.04.2025 «Алтын сақа» және «Жастар серпіні» студенттік апталығы аясында қол күрестен жарыс өтті 2025 жылдың 18 сәуірінде Жастар ісі жөніндегі бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес «Алтын сақа» және «Жастар серпіні» студенттік апталығы аясында қол күрестен жарыс өтті.
«Алтын сақа» және «Жастар серпіні» апталығы - студенттердің шығармашылық әлеуеті мен әлеуметтік белсенділігін арттырып, халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін шара.
Ойын нәтижесінде: І орын - Қанат Мырзабек, ІІ орын - Рамазан Абсадық, ІІІ орын - Азамат Байзақ жүлделі орындарға ие болды.
Белсенді қатысқандары үшін Батыр Дарханұлы және Темірлан Орынбек арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жастар ісі жөніндегі бөлім |