«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар» тақырыбындағы психологиялық тренинг
2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында Психологиялық қолдау қызметінің психолог мамандары Абай Құнанбаевтың 180-жылдығына орай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Психологиялық тренингтің мақсаты - студенттердің бойындағы сенімділігін және өзін-өзі бағалауда ерік-жігердің, мақсаттың, күш-қуат пен адамгершілік құндылықтарын жетілдіруге ықпал ету, өзін-өзі қолдау дағдыларын дамытуға және өзін-өзі қабылдау арқылы ішкі әлеуетті ашуға көмектесу.
Студенттерді бір-бірімен таныстыру және сенімділік атмосферасын құру мақсатында тренинг «Мен - ...» жаттығуымен басталды. Негізгі бөлім өмірдің әртүрлі салаларына қанағаттану деңгейін талдауға, өзіне деген сенімділікті арттыруға және кедергілерді жеңу қабілетін дамытуға бағытталған «Өзін-өзі бағалау дөңгелегі» және «Қақпан» жаттығуларын қамтыды. Сондай-ақ «Өзіме хат» атты жаттығуы өткізілді, оның барысында студенттер Абай Құнанбаевтың бір қара сөзін қолдана отырып, мақсаттарына жетуге ынталандыру мақсатында өздерінің болашақ өмірлеріне шағын хабарлама жазды.
Тренинг соңында «Өсу сызығы» атты жаттығу өткізілді, оның барысында студенттер тренинг барысындағы өзгерістерін талдап, алған түсініктерін бекітіп, жағымды әсерлерімен бөлісті.
Тренингке Жаратылыстану және География, Филология, Өнер, Педагогика және Психология факультеттерінен және Сорбонна-Қазақстан институтынан 100-ден астам студенттер қатысты.



Психологиялық қолдау қызметі