қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.04.2025

«Гүлдер фестивалі – 2025» интеллектуалды сайысы өтті


2025 жылғы 10 сәуірде Ғылым апталығы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география факультетіндегі биология кафедрасының ұйымдастыруымен «Биология» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Гүлдер фестивалі - 2025» интеллектуалды сайысы өтті.

 

Кешке университеттің ғылым департаменті директорының м.а. Марфуға Абсатова, Ғылым департаменті директорының орынбасары Гакку Рахимова, - ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының бастығы Гүлзада Баймбетова, Жаратылыстану және география факультетінің деканы г.ғ.д, профессор Кулаш Каймулдинова, Жаратылыстану және география факультетінің деканының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Нуржанат Шакирова, педагогика және психология институтының деканының оқу істер жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова, химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мукатаева, Алматы қаласындағы мамандандырылған №126 лицейдің биология пәнінің мұғалімі Алия Шаяхметова және арнайы шақыртумен «Қазына» би ансамблінің бишілері, Ахмет Жұбанов атындағы мектептің оқушысы Ерасыл Аманжолов , кафедраның профессор оқытушылары құрамы, магистранттар, студенттер қатысты.

 

Сайыстың мақсаты - білім алушыларға экологиялық, эстетикалық тәрбие беру және табиғаттың нәзік жаратылысы гүл туралы білімдерін кеңейту болды. Сайыста студенттер өздерін таныстырды, гүл тақырыбында жоба қорғады, викториналық сұрақтарға жауап берді және шығармашылық өнерлерін көрсетті.

 

Интеллектуалды сайыс нәтижесінде І орынды «Пион» тобы, ІІ орынды «Түймедақ» тобы, ІІІ орынды « Роза гүлдер» тобы иеленді.

 

Айта кетейік, шара Жаратылыстану және география факультетіндегі биология кафедрасының аға оқытушысы, университеттің қауымдастырылған профессоры м.а Лязат Демеуованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

 

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=