![]()
09.04.2025 «Ең үздік студенттік ғылыми ұйым» жеңімпаздары анықталды 2025 жылдың 8 сәуірінде Ғылым апталығының аясында Жас зерттеушілер кеңесінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Ең үздік студенттік ғылыми ұйым» байқауы өтті.
Байқауға Жаратылыстану және георафия факультетінің студенттері Зарина Ерсайн, Арайлым Елшібек, Жанерке Ерланқызы, Мадина Бақатай, Санжар Ринатов, Сүлеймен Амирбектен құралған «Sparkle Science of chemistry» ғылыми ұйымы қатысты. Жетекшісі PhD доктор, аға оқытушы Әсем Ұзақова.
Жаратылыстану және георафия факультетінің студенттері Асылбек Мырзақұл, Ләйла Секербекова, Сабина Аққайырдан құралған «Аяла» эко-клубы қатысты. Жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кульжахан Бакирова.
Педагогика және психология факультетінің студенттері Дильназ Кенжебаева, Әдемі Жұмабекова, Гүлнәз Берікқызы, Камилям Султановадан құралған «АльфаSUD» ұйымы қатысты. Жетекшісі PhD доктор, аға оқытушы Алмаш Туралбаева
Байқау қорытындысы бойынша Педагогика және психология факультетінің «АльфаSUD» ұйымы жүлделі І орынды иеленсе, II орынды Жаратылыстану және георафия факультетінің «Sparkle Science of chemistry» ғылыми ұйымы алды. Ал жүлделі III орынды Жаратылыстану және георафия факультетінің «Аяла» эко-клубы қанжығасына байлады.
Байқау қатысушылары мен жүлделі орын иегерлеріне Басқарма төрағасы-ректордың Алғыс хаттары, дипломдары мен қаржылай сыйлық жүлде қорлары табысталды.
height="240" />
|