қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.03.2025

«Педагогикалық сынып» жобасының жұмысы


2025 жылғы 4 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультеті педагогика кафедрасы пилоттық жобасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасының «№19 жалпы білім беретін мектебі» ММ құрылған педагогикалық сыныптарының жоспарына сәйкес халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым» атты тәрбиелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Жетекшісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор м.а, Қазақстан педагогикалық ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Ұлттық құндылықтар Академиясының мүшесі Жанна Акпарова.

 

Іс-шараның мақсаты: «Педагогикалық сынып» оқушыларына ұстаздық қызметтегі тәрбие жұмысының қыр-сырларымен таныстырып, оларды ұйымдастыру жолдарын көрсету, сонымен қатар, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аналарға, ұстаздарға құрмет көрсету. Мектеп оқушыларының өнерлерін көрсету арқылы ұстазға тән мейірімділік, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін дәріптеу.

 

Іс-шараға оқушылардың аналары, мұғалімдер, университет оқытушылары және мектеп әкімшілігі белсенді қатысып, жоғары бағалады. Тәрбие сағатының шарықтау шыңы «Үш одақ» (мұғалім-оқушы-ата-ана) аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мұғалім мамандығының қыр-сырын ашып, жан-жақтылығын көрсету болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=