қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.11.2024

 Қытай тілі және қытайтану кафедрасының ашылу салтанаты

 

  2024 жылдың 27 қараша күні, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде, Филология факультеті Қытай тілі және қытайтану кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

 

Ашылу салтанатына Қытай Халық республикасының, Алматы қаласындағы бас консулдығының басшылары, Қытай Халық Республикасының Цзянси ғылым-технология педагогикалық университетінің басшылары, Қазақстан Республикасының Қытайтану орталықтарының профессорлары мен танымал ғалымдары, Абай атындағы ҚазҰПУ басшылары, оқытушы және білім алушылары қатысты.

 

Құттықтау сөздерін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Тілеп Болат Анапияұлы, ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулдың академиялық мәселелер жөніндегі директоры Хуан Сяоминь, ҚХР, Бейжің Фейхуа халықаралық білім технологиясы компаниясының төрағасы Мэй Якун, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі бас директоры Талғат Мамырұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы Конфуций институтының қытай тарапынан директоры, филология ғылымдарының кандидаты Дэн Хонг, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы Конфуций институтының директорының орынбасары Пермахан Сара, Жекеменшик білім ұйымдары Республикалық қауымдастығының төрайымы Садыкова Роза Шариповна, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, аудармашы Калиолла Ардак айтып, естелік ретінде сый-сияпаттар табыстлды.

Іс-шара барысында кафедра ашылу рәсімі жасалып, лента қиылып, шағын коцерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

 

 

  alt=  

 

  alt=