
Негізгі бет
Жаңалықтар
11.02.2025 «Сенімді сөйле» тақырыбында шеберлік сағаты өтті 2025 жылдың 7 ақпанында Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебінің ұйымдастыруымен айтыскер ақын, тележүргізуші, оратор Бекжан Базарбектің «Сенімді сөйле» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағаттың мақсаты студенттеріміздің болашақ педагог ретінде аудитория және оқушылар алдында жоғары деңгейде сөйлей білуі, дәрісті дұрыс жүргізуі болды. Мастер-класс барысында студенттерімізге логикалық ойындар мен сергіту сәті жасалды. Сахнаға шығып тәжірибе жасау арқылы қатысушылардың сенімі нығайтылды. Қорытындылау кезінде барлық қатысқан студенттер ризалығын жеткізді.
|