қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.02.2025

«Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты ақпараттық дәріс өтті

 

2025 жылдың 10 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлері, деканат басшылары және университеттің басқа да бөлімшелері арасында «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты дәріс «Жаратылыстану және география» факультетінде жалғасты.

 

Дәрісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Құрманғазы Мәдиев өткізді. Дәріскер сыбайлас-жемқорлықтың ірілі-ұсағы жоқ екенін түсіндіре келе, дайындалған бейнероликтерден мысал келтірді. Сондай-ақ, егер кез келген тұлға заңсыз әрекеттердің куәгері және қатысушысы болса, қорқытып пара алса немесе оған пара ұсынса, өзін қалай ұстау керектігі туралы да айтылды.

 

Іс-шараның түйіні бүгінмен тұйықталып қалмай, әр кафедрада күн тәртібінде жүргізілетін даталы мәселе болмақ.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=