қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.02.2025

«Ұлы дала шежірешісі» әдеби іс-шарасы өтті


2025 жылдың 5 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы және №165 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушылары қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлы дала шежірешісі» әдеби іс-шарасын өткізді.

 

11 сынып оқушылары жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби композиция дайындады. Кештің құрметті қонағы Ілияс Есенберлин атындағы әдеби музейдің директоры Ұлболсын Қамбатурова болды. Ол мұражайдың тарихы туралы айтып, экспозициялармен таныстырды. Сонымен қатар, жазушының балалық шағы мен оның Ұлы Отан соғысына қатысуы, әдеби шығармашылығы, Есенберлин руының шежіресі туралы тың ақпараттармен бөлісті.

 

Шара соңында Абай атындағы ҚазҰПУ Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жазушы, философ Ілияс Есенберлиннің бізге тарихымызды қайтарып берген тұлғалардың бірі екендігіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ аталған жазушы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы әдеби туындыларында баяндағандығын айтты.

 

Айта кетейік, жазушының «Көшпенділер» трилогиясы әлемнің 30 тіліне аударылған.

 

 

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=

 

  alt=