
Негізгі бет
Жаңалықтар
07.02.2025 «Үшжылдық міндетті грант өтемі» тақырыбында семинар өтті 2025 жылдың 7 ақпанында Абай университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің №403 бұйрығының аясында «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе тоқтату қағидаларын түсіндіру» бойынша семинар өткізілді.
Семинарға университеттің 8 факультетінен бакалавриат, магистратура және докторантураның бітіруші курс студенттері қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 448 студентті құрады.
Семинардың ашылуында «Мансап» орталығының жетекшісі Рақымберді Жетібай студенттерге маңызды ақпараттар беріп, бүгінгі таңда мемлекет пен университет тарапынан жас мамандардың жұмысқа орналасуына арналған жүйелі шаралар жүзеге асып жатқанын атап өтті. Ол осы түсіндіру жұмыстарының болашақ мамандар үшін өте маңызды екенін және жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыратынын жеткізді. «Қаржы орталығы» АҚ жетекші маманы Абылай Тыныбеков жас түлектерге сұраныс беру, сұраныс қабылдау, жолдама алу, жұмысқа жіберу және жұмыспен өтеу міндетінен босату қағидаларын жан-жақты түсіндірді.
Семинар барысында түлектер жұмыспен қамтылу және жұмыспен өтеу міндетінен босатылу мәселелері бойынша өз сұрақтарын қойып, спикер №403 бұйрығы шеңберінде егжей-тегжейлі жауаптарын берді. Семинар соңында түлектерге 1414 тен смс хабарлама жіберіліп, «Қаржы орталығы» АҚ студенттермен тікелей қызмет жасау үшін жеке деректерге қолжеткізуге сұраныс жіберілді. Сұраныс нәтижесінде 220 бітіруші түлек келісім берді.
|