қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.02.2025

«Stop harassment: салауатты қарым-қатынас мәдениетін құру» профилактикалық дәріс өтті


2025 жылдың 31 қаңтарында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Stop harassment: салауатты қарым-қатынас мәдениетін құру» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.

 

Дәрісті психолог және психотерапевт Фариза Серікқызы жүргізді. Дәрістің негізгі мақсаты - студенттердің харассмент мәселелері және оның салдары туралы түсініктерін арттыру, қауіпсіз тұлғааралық қарым-қатынас құру дағдыларын дамыту мен салауатты және ізгілікті қарым-қатынас құру мәдениетін қалыптастыру.

 

Дәріс барысында спикер студенттерді харассмент ұғымымен, оның әртүрлі формаларымен, оның әсер етуінің салдарымен және алдын алу әдістерімен таныстырды. Студенттер арасында қауіпсіз салауатты және ізгілікті тұлғааралық қарым-қатынас құрудың тиімді стратегиялары мен практикалық мысалдар да қарастырылды. Сонымен қатар, спикер студенттерге харассментің қандай да бір түріне ұшыраған жағдайда не істеу керектігін және өздерін қалай қорғау керекті жайлы ақпарат беріп өтті. Дәріс барысында ашық және қауіпсіз кеңістік қалыптасты. Дәрістің екінші бөлімінде, «Harassment clipart» арт-терапия шарасындағы студентердің өнер арқылы харассмент ұғымымен жеткізгісі келген туындылары талқыланды.

 

Студенттер үшін бұл шара зорлық-зомбылықтың түрлері мен олардың қоғамға әсері туралы түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ, өз сезімдерін өнер арқылы білдіруге мүмкіндік берді. Дәрістің соңында қатысушылар арт-терапияның олардың эмоцияларына қалай әсер еткендігі туралы пікір алмасуға мүмкіндік алды. Аталған шараға, университетіміздің 7 факультеті мен 1 институтынан 150-ге жуық студент қатысты.

 

Осындай арт-терапия шараларын өткізу - жастардың психоэмоционалдық күйін жақсартуға және қоғамдық мәселелерді жүйелі түрде қозғауға бағытталған маңызды қадам болып табылады. 

 

Психологиялық қолдау қызметі

 

 

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=