қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.01.2025

Аbai University: Институт директоры мен декандардың есебі тыңдалды


2025 жылдың 13-20 қаңтары аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Институт директоры мен Факультет декандарының 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.


Жиын барысында Сорбонна-Қазақстан институтының директоры және Факультет декандары оқу үдерісіндегі, ғылыми зерттеу жұмысындағы және жаңа білім беру технологияларын енгізудегі жетістіктері туралы ақпарат беріп, жыл нәтижелерімен бөлісті.


Айта кетейік, соңғы екі жылда білім алушылар саны көбейді. Бұл Абай университетінің сапалы білім көрсеткіші мен талапкерлердің педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтарының артқандығын көрсетеді. Бүгінде білім алушылар контингенті 17 506 адамды құрап отыр.


Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру бағдарламаларының жоғары тиімділігі ұлттық және халықаралық рейтингтермен расталды.


Университет рейтингі:


QS World University Rankings-2025: 671-680 позициялары, қазақстандық ЖОО арасында 5-орынға;
QS WUR Sustainability-2024: 1101-1150 позициялары, қазақстандық ЖОО арасында 7-орынға;
QS WUR Asia-2025: 131 орын, қазақстандық ЖОО арасында 4-орынға орналасты.


Еуразия ұлттық университеті базасында педагогикалық кадрларды даярлау бойынша Абай университетінің «Білім беру институтының» ашылуы, университет жанынан Foundation факультетінің, «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасының, Лотарингия университеті филиалының ашылуы да жылдың үздік көрсеткіші ретінде өз бағасын алды.


Есептік жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды. Сондай-ақ  Институт директоры мен факультет декандары алдағы жоспарларын ұсынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Ректор аппараты