қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.01.2025

Aбай университетінің ғалымдары көшбасшы мектеп директорларын даярлаудың шетелдік тәжірибесін зерттеді


Қазақстан Республикасы ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде (АР 23488334) жоба әзірлеушілер: Ш. Колумбаева, М. Абсатова, Ш.Нұрланов, Ж. Байназар Қытай Халық Республикасы мен Әзірбайжан көшбасшы мектептерінің директорларын даярлаудың шетелдік тәжірибесін зерделеді.

 

Гонконг білім беру университетінде EdUHK Президентімен, Білім және Адами даму факультетінің қызметкерлерімен және Азия-Тынық мұхиты көшбасшылық және өзгерістер орталығының (APCLC) жетекшісімен кездесу өтті.

 

Abai University зерттеушілері профессорлармен сессияларға қатысты: доктор Джафанг Лу "Программа для начинающих директоров " тақырыбында дәріс ұсынды, профессор Седат Гумус (apclc басшысы) "Пдагогикалық көшбасшылықтың табиғаты мен салдары" тақырыбын таныстырды, доктор Максвелл Хо "Білім беру кәсіпкерлігі: білім беру ұйымдарындағы көшбасшылық қасиеттерді дамыту"тақырыбында сессия өткізді.

 

Beijing Normal University-де ғалымдар білім беру факультетінің өкілдерімен, докторларымен: Чжан Юфэн, Ши Инь, Ши Цзепинг және халықаралық алмасу және ынтымақтастық бөлімінің директоры доктор Лю Цзинмен мектеп директорларын даярлау бойынша мәселені талқылап, тәжірибе алмасты.

 

Баку мемлекеттік университетінде (Әзірбайжан) зерттеушілер әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор Р. А.Джавадов, педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор К.Н.Насымова, кафедра профессорлары Н. Мұхтарова, И. Шихалиева, Н. Иманбердиевамен кездесулер өткізіп, мектеп көшбасшылары директорларын даярлау моделін талқылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=