қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.12.2024

Абай университеті Түркиямен халықаралық байланысты нығайтуда

 

2024 жылғы 26 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Түркия Республикасының өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Халықаралық ынтымақтастық департаменті ұйымдастырған іс-шара серіктестік байланыстарды нығайтуға және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

 

Кездесуге Түркия Республикасының білім беру істері жөніндегі атташесі Айхан Коркмаз, атташенің көмекшісі Рейхан Иса, дене шынықтыру және әскери дайындық пәнінің оқытушысы Ахмет Караман, сондай-ақ Абай университетінің стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры  Айгүл Искакова, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева қатысты.


Кездесудің басты мақсаты Абай университеті мен Түркия университеттері арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болды. Қатысушылар студенттер мен оқытушылардың алмасу бағдарламаларын, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды қамтитын академиялық ұтқырлық перспективаларын қарастырды.

 

Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы байланыстарды нығайтуға өзара қызығушылықтарын білдірді. Бұл студенттер мен оқытушылардың кәсіби өсуіне, сондай-ақ екі ел университеттерінің халықаралық беделін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

 

Абай университеті халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, студенттері мен оқытушыларына білім алу, зерттеу және кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынуды жалғастыруда.

 

  alt=  

 

  alt=