![]()
09.12.2024 «Функционалды сауаттылық - табысты болашақ кепілі» қорытынды сабағы 2024 жылдың 06 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Қарлығаш Сейталиева қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері арасында «Функционалды сауаттылықты дамыту әдістемесі» пәнінен «Функционалды сауаттылық - табысты болашақ кепілі» атты қорытынды сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер функционалды сауаттылықты дамытуға негізделген тапсырмаларды берілген уақытта жылдам әрі мұқият орындап, белсенділік танытты. Бұл қорытынды сайыс - сабақ студенттердің білімге деген қызығушылығын,фукнционалды сауаттылығын арттырып, олардың танымдық көзқарастарын кеңейтті.
|