қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.12.2024

«Тұрақты даму мақсаттары аясында жаратылыстану ғылымдары мен білімінің даму мәселелері» ІІІ халықаралық жастар ғылыми форумы


2024 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында «Тұрақты даму мақсаттары аясында жаратылыстану ғылымдары мен білімінің даму мәселелері» атты ІІІ халықаралық жастар ғылыми форумы өтті. Форумның мақсаты - тұрақты даму идеяларына сәйкес қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдары мен білім берудің даму тенденцияларын талдау.

 

Форум жұмысы негізгі 5 бағыт бойынша жүргізілді: Жаратылыстану ғылымдары мен білім беру парадигмалары; Климаттың өзгерістері және аймақтардың тұрақты дамуы; Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және «жасыл» технологиялар; Тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы стратегиялар мен серіктестіктер; Жасыл бала-бақша, жасыл-мектеп, жасыл-колледж, жасыл-университет.

 

Форумға шетел ғалымдары - Қытайдың Фудан университетінен профессор Shicheng Zhang, Испанияның Валенсия саяси университетінің гидротехника және қоршаған орта кафедрасының доценті Rodrigo-Ilarri, J., Өзбекстанның Ташкент ұлттық университеті биофизика және биохимия институты аға ғылыми қызметкері Раимова Г.М., Ташкент медицина университетінен Мирзаева А. Х., және Жапонияның Окаяма университетінің профессорлары Shinesetseg Gerelkhuu мен Khalifatulloh Fiel`ardh және отандық ғылым саласының үздіктері - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінінен Ахметова Г.А., Болатхан К., Сманов Ж.М. өз баяндамаларын ұсынып, мақалаларын жариялады.

 

Форумға қатысуға 100-ден аса өтінім келіп, оның 61-і өз баяндамаларын жасап, марапатталды. Барлық қатысушылар мен жас ғалымдарға алғыс білдіреміз, ғылыми жетістіктер тілейміз!

 

 alt=  

 

 alt=  

 

 alt=  

 

 alt=  

 

 alt=  

 

 alt=  

 

 alt=