![]()
04.12.2024 1-4 курс студенттерінің экскурсиясы
2024 жылдың 02 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті «6В01408-Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығының 1-4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен экскурсия жасалды. Тур бағдарламасы - қаланың көрнекті жері саналатын «Медеуге» бару. Студенттер қаланың керемет көрінісін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бұл студенттер үшін жай ғана экскурсия емес, өз араларында бір-біріне деген мейірімділігін, достық, бауырмашылық қасиеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оларды ынтымақтастыққа, достыққа шақыру.
|