
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
15.11.2024 «Үздік староста» сайысы 
 2024 жылдың 14 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттерінің арасында «Үздік староста» сайысы өткізілді. 
 Конкурс топтағы старосталардың жауапкершілігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдауға бағытталды. 
 Конкурста «Таныстыру», «Білікті басшы», «Жұлдызды сәт» 3-кезең бойынша 6 қатысушы бақ сынады. Конкурс нәтижелері бойынша: 1-орын: Темірханұлы Ниязхан (Арнайы педагогика: логопедия, 2-курс); 2-орын: Жанадилова Әсел (Бастауышта оқыту бизнес инновация, 2-курс); 3-орын: Ерланова Аружан (Мектепке дейінгі білім беру, 1курс 3жылдық) иеленді. 
 Қатысушы старосталарға белсенділіктері үшін сертификаттар, ал, жеңімпаздарға арнайы ынталандыру сыйлықтары табысталды. 
 Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! 
 
 
 Педагогика және психология факультеті  |