
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
28.10.2024 Волейболдан жарыс өтті 
 2024 жылдың 23 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығының 1-4 курс студенттері және мұғалімдер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс салауатты өмір салтын насихаттай отырып, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты және олардың денсаулығын нығайту, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімділікке және салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Жарысты кафедраның белсенді студенттері ұйымдастырды. 
 Жарыс қортындысы: 1 орын - 1 курстың 3-4 топтары, 2 орын - 4 курс білм алушылары, 3 орын - 1 курстың 1-2 топтары. 
 Жүлделі орындарды иеленген барлық студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз! 
 
  |