
 
|  Негізгі бет 
Жаңалықтар 
14.10.2024 Абай университеті химия кафедрасының филиалын ашты 
 2024 жылдың 11 қазанында Алматы облысы, Талғар ауданы, Еңбекші ауылындағы №39 ЖББ орта мектепте Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасының филиалы ашылды. 
 Мақсаты - ЖОО білім алушыларының теориялық білімдерін практикада бекіту, кафедра филиалын мектеп мұғалімдері мен институт профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасу алаңына айналдыру. 
 Іс-шараға факультет деканы Куләш Каймулдинова, Талғар ауданы бойынша облыстық Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Гулзира Алтыбаева, әдіскер Мөлдір Рақышова және кафедраның профессор-оқытушылары қатысты. Кафедра филиалының ашылуына ықпал болған Ректор гранты - университеттің ҒЗИ интеграцияланған ғылыми жобасын өндіріске ендіру. 
 Мектеп директоры Меруерт Арынбаева мен химия пәні мұғалімі Айгерім Майсабековаға және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз. 
 
 
 |