қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.10.2024

Магистранттарға арналған Mastermind: «Диссертациялық зерттеулер шеберханасы: идеядан қорғауға дейін» 


2024 жылдың 2 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасында «Диссертациялық зерттеулер шеберханасы: идеядан қорғауға дейін» тақырыбында mastermind өтті. Mastermind шарасы PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а. Алмаш Туралбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Шараға бірінші және екінші курс магистранттары қатысты.

 

Іс-шара барысында магистрлік диссертациялық зерттеу бойынша теориялық және эмпирикалық негіздеулердің жалпы бағдарламалық сипаты түсіндірілді. Диссертацияны құрылымдаудың логикалық байланыстағы алгоритмі және зерттеудегі пост-талдаулар жүргізудің тиімді әдістері практикалық тұрғыда көрініс тапты. Магистранттар теориялық және эмпирикалық зерттеу бағдарламаларын өз ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша дайындау, талдау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, зерттеу жұмыстарының аясында ғылыми диалогқа түсіп, қажетті ақпараттарды алды. Мastermind әрбір магистранттың зерттеудегі идеясына, магистрлік диссертацияның жоғары деңгейде орындалуына өз деңгейінде ықпалын тигізетіні сөзсіз.

 

  alt=  

 

  alt=