қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.09.2024

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының «500 ғалым» жобасы бойынша ақпараттық семинарлар сериясы


2024 жылғы 24 қыркүйекте Халықаралық ынтымақтастық департаменті «Болашақ» халықаралық бағдарламасының «500 ғалым» жобасына құжаттарды тапсыру бойынша профессор-оқытушылар құрамы үшін екі ақпараттық семинар өткізді. Семинарлар Zoom арқылы онлайн және офлайн форматта  өткізілді.

 

Семинар барысында Халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілдері өтінім беру тәртібі, қажетті құжаттар тізімі, тестілеу түрлері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, үміткерлерге қажетті құжаттарды дайындау кезінде не нәрсеге назар аудару қажет екенін және осы процесс кезінде жиі кездесетін қателіктер туралы ақпарат берді.

 

Бұл семинарлар ақпараттық семинарлар сериясының бастамасы болып табылады және Халықаралық ынтымақтастық департаменті тарапынан «Болашақ» бағдарламасына өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғанша тұрақты түрде өткізілетін болады. Кездесудің күні мен орны туралы ақпарат барлық мүдделі тараптарға тиісті арналар арқылы хабарланатын болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=