қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.09.2024

«Мagnum go» сервис қызметкерлерімен кездесу


2024 жылдың 25 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да «MAGNUM GO» сервисінің қызметкерлерімен кездесу іс-шарасы өтті. Іс-шара «Мансап» орталығының жылдық жоспары аясында, «E-commerce-тегі мансап мүмкіндіктері» тақырыбында ұйымдастырылды. Кездесуге педагогикалық емес мамандықтар бойынша оқитын 1-4 курс студенттері қатысты.

 

Қазақстан бойынша оқыту және дамыту басқармасының жетекшісі Жүнісбек Қарақат және әдіскер Амангелдиев Нұрдәулет қатысқан шара барысында студенттер e-commerce саласындағы мансаптық өсу жолдары туралы құнды ақпарат алып, тәжірибелік кеңестермен танысты. Бұл болашақ кәсіби даму бағытында студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашты.

 

  alt=  

 

  alt=