қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.09.2024

Қазақ мәдениетін зерттеудің жаңа көкжиектері


2024 жылдың 25 қыркүйегінде Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстандық Мәдениеттану ғылымының негізін қалаушы, профессор Т.Х. Ғабитовпен кездесу өтті. Кездесу барысында қазіргі таңдағы мәдениеттану ғылымындағы өзекті мәселелер жөнінде ой қозғалып, талқыланды. Профессор кафедраның ОПҚ және Мәдениеттану мамандығының докторанттарына ғылым жолында жиған тәжірибесімен, құнды дерек, кеңестерімен бөлісіп, диссертациялық зерттеу жұмысын таңдау бағытында кеңестер берді. Кездесу соңында өзінің авторлығында жарық көрген мәдениеттану тарихы, мәдени антропология мәселелерін қамтыған жаңа кітаптарын тарту етті.

 

  alt=  

 

  alt=